Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

09.03.2026 12:13 Мөлдір Талғат
Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті
474
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті, деп хабарлайды  Politico.kz.

Белгілі болғандай, «Центр плова» кафесінде газ-ауа қоспасының жарылуынан зардап шеккен тағы екі адам ауруханада көз жұмған.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан науқастарды аман алып қалу мүмкін болмаған.

«8 наурыз күні “Авиценна-Бурабай” стационарының жансақтау бөлімінде зардап шеккендердің бірі қайтыс болды. Ал бүгін Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында ем алып жатқан тағы бір науқас көз жұмды», — деді ол.

Қазір дәрігерлер қалған зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жалғасуда.

Еске салайық, «Центр плова» кафесінің иесі екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий