Щучинскідегі жарылысқа қатысты облыс әкімі шұғыл мәлімдеме жасады

28.02.2026 10:27 Қарақат АСЫЛОВА
Щучинскідегі жарылысқа қатысты облыс әкімі шұғыл мәлімдеме жасады
272
Ашық дереккөздерден
Облыс әкімі жедел штаб жинады

Щучинск қаласында болған жарылыстан кейін Марат Ахметжанов жедел штабтың кеңесін өткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Кеңес барысында өңір басшысы зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударды. Ол медициналық көмектің үздіксіз әрі уақытылы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді, жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы жұмыс істеуін қатаң бақылауды тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі оқиғаның себептерін жан-жақты және объективті тергеуді, қауіпсіздік талаптарының сақталуын күшейтуді міндеттеді.

«Азаматтардың қауіпсіздігі – басты басымдық. Осы бағытта қосымша ұйымдастырушылық әрі алдын алу шаралары қабылданады. Біз зардап шеккен отбасыларды назардан тыс қалдырмаймыз», – деді Марат Ахметжанов.

Ресми мәліметке сәйкес, қаза тапқан алты отбасыға 2 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем берілген. Бұдан бөлек, дәмхана иесі де әр отбасыға қосымша 2 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсеткен.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының банктік несиелері демеушілер есебінен толық жабылатын болды. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған.

Қазіргі уақытта жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий