Шымкентте 40 жастағы әйелді пышақтап кеткен қаскөй жазадан құтылып кетті
Шымкентте көшеде кетіп бара жатқан әйелді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға кезінде Нұрнияз Сарқұлов көшеде бара жатқан әйелге шабуыл жасап, оның тамағын кесіп, кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Кейін оның психикалық дертке шалдыққаны анықталған.'
Сот мәліметінше, айыпталушы Шизофренияның параноидтық түрімен ауырады және қылмыс жасаған сәтте өз әрекетіне есеп бере алмаған. Осыған байланысты ол түрмеге емес, арнайы психиатриялық емдеу мекемесіне жіберілетін болды.
«Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, Сарқұлов өзінің әрекетін толық түсіне алмаған. Қылмыс жасау барысында психикалық ауыр жағдайда болған. Ол тергеу мен сот алдында жауап бере алмайды. Сондықтан мамандандырылған психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуді қажет етеді», – деді Бақытжан Туналиев.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 28 қаңтар күні болған. 32 жастағы әйел төсекке таңылған анасына дәрі алу үшін емханаға бара жатқан кезде шабуылға ұшыраған. Марқұм оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ күдікті кейін жолыққан полиция қызметкерлеріне де пышақпен шабуыл жасауға әрекеттенген.
Соңғы жаңалықтар