Шымкенттегі қоймаларда ірі өрт шықты: Зардап шеккендер бар (ВИДЕО)
771
Қойма аумағындағы алапат өрт
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қоймалар аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт қойма ғимараттарының шатырын шарпыған. Сонымен қатар жүк көлігінен төгілген дизель отыны мен аумақта сақталған резеңке бұйымдар да отқа оранған. Өрт ошағының маңында дизель отынымен толтырылған тағы бір жүк көлігі тұрған. Бұл жағдай тілсіз жаудың одан әрі күшею қаупін тудырған.
Оқиға салдарынан екі адам түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге 56 құтқарушы мен 30 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...