Small дүкеніндегі даумен танылған қызметкердің қызметі жоғарылағаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде мемлекеттік тілде қызмет көрсеткені үшін көпшіліктің қолдауына ие болған Small супермаркетінің қызметкеріне қатысты жаңа ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, бойжеткеннің еңбегі ескеріліп, оған жоғарырақ қызмет ұсынылған. Алайда оның нақты қандай лауазымға тағайындалғаны әзірге жарияланған жоқ. Сондай-ақ бұл ақпаратты сауда желісі ресми түрде растаған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін желіде дүкендегі бейнежазба кеңінен тараған болатын. Онда сатып алушы қызметкерден орыс тілінде жауап беруді талап еткен. Ал қызметкер кассаның уақытша жұмыс істемей тұрғанын және жақын арада тағы бір касса ашылатынын мемлекеттік тілде сыпайы түрде түсіндірген.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік қызметкердің сабырлы әрекеті мен қазақ тілінде қызмет көрсеткенін қолдаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...
02.11.2026
16:22
Тоқаевтың ұсынысынан кейін Кремль үн қатты: Рес...