Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім қыз көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында 17 жастағы қыз көз жұмды.Қайғылы оқиға 1 қараша күні кешке жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің өлімі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды Politico.kz.
1 қараша күні шамамен сағат 17:30-да оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері жеткен. Алайда медицина қызметкерлері келген сәтте қыздың қайтыс болғаны тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі суицид болған.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу жүріп жатқанын растап, мән-жайды түсіндірді:
«СҚО Тайынша ауданы тұрғынының өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ осы қайғылы жағдайға алып келген себептер мен жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі уақытта оқиғаның өзге мән-жайы жарияланған жоқ. Қайғылы жағдайдың себептері тергеу барысында анықталмақ.
Соңғы жаңалықтар