СҚО-да бір отбасы газға уланып қалды
Солтүстік Қазақстанда бір отбасы газға уланды. Кәмелет жасына толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде пеш мұржасының бітелуінен болған. Дәрігерлер ересектерді тексеріп, ем тағайындады. Ал 2012 және 2016 жылы туған балалар ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты.
Өңірде биыл көмірқышқыл газынан улану салдарынан 20 адам зардап шегіп, 3 азамат қаза тапқан.
"Көмірқышқыл газының иісін бірден сезбейсің. Басыңыз ауруы мүмкін. 9 қыркүйекте 2 баланың газға уланғаны туралы хабарлама түсті. Келген кезде пештің мұржасы бекітіліп, сол себепті түтіннің шықпағаны анықталды", – деді СҚО Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының аға инженері Нұрлан Баяхметов.
Фото: Алматы ТВ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...