Су тасқыны: республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз шаңырағына оралды
245
Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Атырау облысы ерекше бақылауда тұрғанын айтты.
Осы уақытқа дейін республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған. 6 405 адам әлі эвакуациялау пункттерін паналап отыр.«Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
03.05.2026
17:28
Хромтауда пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адам...
03.05.2026
16:25
Қазақстан шетелдіктерге «алтын виза» ұсынып жатыр
03.05.2026
15:25
Тоқаев сыйға тартылған жылқыларын көрсетті (ВИДЕО)
03.05.2026
14:31
Қазақстан ардагерлеріне 5 млн теңге төлейтіні р...
03.05.2026
13:32
“60 миллион теңге қарыз”: Белгілі журналист Қай...
03.05.2026
12:00
Алматыдағы кафеде сатылған самсадан ветеринарлы...