"Сүйінші!": Депутат салық туралы жақсы жаңалық айтты

17.10.2025 10:14
0
293
фото: facebook.com/a.koshmambetov

Депутат Салық кодексінің жеңілдетілгеніне қуанды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана. 17 қазан. Мәжіліс депутаты Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов кәсіпкерлер үшін маңызды жаңалықты «сүйіншілеп» жеткізді. Ол Президенттің тапсырмасынан кейін Үкіметтің шағын және орта бизнес үшін салық саясатын жеңілдету туралы шешімін зор қуанышпен қабылдады.

«Достар, кеш жарық, сүйінші! Президентіміз шағын және орта бизнесті естіп, Үкіметке тиісінше тапсырма берді. Енді жеңілдетілген салық бүкіл кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнеске қалатын болды. Бұрынғыдай сауда, қызмет көрсету, білім, медицина және басқа да салалардың барлығы осы жеңілдетілген салықта жұмыс істей береді. Жаңа Салық кодексінде де осы сақталатын болады. Өте қуанышты жайт», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ғана Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке апта соңына дейін экономикалық реформалар бағдарламасын халықтың мүддесін ескере отырып, реттеуді тапсырған болатын. Дәл сол күні Үкімет Президент тапсырмасына сай макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және реформалардың теріс салдарын азайтуға бағытталған бірқатар нақты шешім қабылдады. Соның ішінде бизнеске салықтық жеңілдіктер жасау туралы да шешім бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий