"Сырымды ашатын болдым": Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен келген сыйлық туралы айтты

10.04.2026 12:19 Мөлдір Талғат
232
Фото: коллаж politico.kz

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан экс-жары Тұрсынбек Қабатов туралы алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі тұңғыш қызы Әдеміні Тұрсынбекпен бірге күтіп алған сәтін еске алып, арада ұзақ уақыт өткеннен кейін жүздескенін айтты. Сондай-ақ қыздары сыйлаған 501 ақ раушан гүлінің де әкелері арқылы жіберілгенін жасырмады.

"Әкелері беріп жіберуі керек. Қыздардан сұрасам айтпай қойды. Қызым Әдеміні әуежайдан күтіп алғанда Тұрсынбекті 1 жарым жылдан кейін бірінші рет көрдім. Амандастық. Сәлем, сәлем дедік. Осы уақытқа дейін телефонмен, смспен сөйлеспеп едік, сол кезде ұзақ уақыттан соң бір-ақ көрдім", – деді әнші.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды.

"Жаным Тұрсынбек дегенде махаббатпен көзі күліп тұрып айтады",  "Тұрсынбектің санасы бар болса саған бәйбішеге қайтып келеді, тоқал сайқалды не істесін еркек намысы болса", "Мөлдірге Алла адал жар нәсіп етсін", "Турсен сияқты мықты біреу жолықсын", – деп жазып жатыр жұртшылық.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий