Тағы бір әнші “таяқ жегенін” айтып мәлімдеме жасады

28.11.2025 22:32 Берік Арманов
Тағы бір әнші “таяқ жегенін” айтып мәлімдеме жасады
0
68
Фото: видеодан кадр

Әнші Ғазизбек Шекерхан Алматыға алғаш аяқ басқан сәтін еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол өнердегі бастапқы қадамы жайлы айтып, ертеректе түскен суретін жариялаған.

"Мына сурет біршама ойға шомдырды… 2012 жылы Алматыға енді келген кезім есіме түсті. Осы уақыт ішінде қаншама жақсы адаммен таныстым. Қанша адамнан таяқ жедім, алдандым… Бірақ бәрі үлкен сабақ болды. Бұрын мені алдаған адамдарға ренжуші едім, ал қазір соларға да рахмет айтамын. Алданған өзімнің кінәм.) Кешегі қателікті бүгін жасамауға болады екен. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, әдетпен де күресіп, өзгеруді үйреніп жүрмін. Осы жылғы гастрольдік тур мені көп нәрсеге көзімді ашты. Тыңдарманым көбейген сайын, жауапкершілік те артып келеді. Қазір сахнадан тыс болсын бұрынғыдай еркелеп, тентектік жасаудан аулақпын. Жетер! Өзіме сай келмейтін қылықтармен қаншама рет өзімді ренжіттім, қаншама адамның көңілін қалдырдым... Сөйтсем, маған жетіспегені халық беретін шын қошеметтің ләззәты екен, сол жетіспеген соң былықтырып барлық жерден іздеппін ғой... Таптым! Енді бар өнерімді тек сахнада көрсетем деп шештім. Құдай сүріндірмесін!", - деп жазды Ғ.Шекерхан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий