Тағы бір блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026 11:35 Әсел Мұрат
Тағы бір блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды
265
Фото: instagram.com/andersonchik1. Суретте: Ильяр Ювашев

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті andersonchik1 лақап атымен танымал блогер 27 жастағы қазақстандық Ювашев Ильяр Салаватович мемлекетаралық іздеуге жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Агенттіктің мәдіметінше, ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

«Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен», -делінген ведмоство хабарламасында.

Агенттік оның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұрайды: +7 7172 70 84 79 (іш.21384) – кезекші бөлім; Call-орталық: 1458.

Ведомство ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылғанын, құпиялылық сақталатынын айтты.
Агенттік ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті Беларусь азаматы, «Mellstroy» атымен белгілі блогер Андрей Буримге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатқанын еске салды.

Интернет-казиноны насихаттау үшін блогер түрлі ұтыс ойындары мен челлендждер ұйымдастырған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy бренді, казино логотиптері мен сайт сілтемелері көрсетілген бейнероликтер түсіру ұсынылған.

Бурим халықаралық іздеуге жарияланған. 

Айта кету керек, интернет-казино қызметі елеулі әлеуметтік және экономикалық зиян келтірген: азаматтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту, лудоманияның артуы, табыстың жоғалуы және капиталдың офшорлық аймақтарға шығарылды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий