Тағы бір имам қызметінен кетті. «Пара бердім» деген молданың өзіне іс қозғалды
715
Қызылордада Антикор қызметкеріне 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна».
«Ыбырай молда мешітінің имамы Нұрман Талғат Нұрманұлы ҚМДБ-ның қаулысымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты қызметінен босатылды. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы бізде мәлімет жоқ», - деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Айта кетейік, имам пара беру арқылы «деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген сыбыстан құтылмақ болған.
Соңғы жаңалықтар
23.07.2026
12:34
Үш әйелі барын айтып мақтанған алматылық блогер...
23.07.2026
12:02
«Мәсімов мені ол жерде көргісі келмеді»: Ертісб...
23.07.2026
11:35
"Анам қайнысымен шаңырақ көтерді": Мұхамеджан Т...
23.07.2026
10:17
Ұшақ, вилла және суицид: Әлия Назарбаеваның Шве...
23.07.2026
10:14
«Осы елді аяғынан тік тұрғызар едім»: Арон Атаб...
23.07.2026
09:33
"Шаршамадыңдар ма?": блогер Ырысбала Икрамбай ө...