"Қазақ тілі неге үшінші тұр?": Ticketon сайты тағы да сынның астында қалды

27.09.2025 17:29 Арман Ермеков
2
276

Ticketon сайтының қазақша нұсқасынан орысша сөздер шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Freedom банкіне тиесілі Ticketon билет сату сайтының қазақша нұсқасында кейбір бөліктердің орыс тілінен аударылмағаны анықталды. Бұл кемшілікті алғаш болып Threads әлеуметтік желісінде yernarsalim есімді қолданушы байқап, жариялаған.

«@ticketonkz мынаған не дейсің ал? Тіл қазақша таңдалған, «загружаем схему» деген қалай кетті, «ряд» деген «қатар» болады білмесеңдер, сосын ҚАЗАҚ ТІЛІ ticketon.kz сайтында неге үшінші тұр?», — деп жазды ол.

Редакциямыз бұл ақпаратты тексеру үшін сайтқа кіріп, айтылған қателіктердің расымен бар екеніне көз жеткізді. Қазақ тілі таңдаулы тұрса да, орындықтардың сұлбасын жүктеу кезінде «загружаем схему» деген орысша жазу шығады.

Оған қоса, шараның өтетін орны мен уақыты, сондай-ақ «18 жасқа толмағандарға ата-анасымен немесе қамқоршысымен кіру керек» деген сияқты ескертпелер де толықтай орыс тілінде жазылған. Тіпті, залдың сұлбасындағы «сцена», «партер» сияқты сөздер де аударылмаған.

Еске сала кетейік, бұл дәл осы сайтқа қатысты мемлекеттік тілге байланысты бірінші мәселе емес. Осыған дейін аты-жөнінде қазақ әріптері бар жанкүйерлер «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи ойынға билет ала алмай шулаған болатын. Олардың деректерін жүйе қабылдамай, «аты-жөніңізді толтырыңыз» деген қате шығарып отырған. Ал егер есімдерін орыс әріптерімен жазса, ешқандай кедергі болмаған.

Пікірлер (2)
    Sultan 2025-09-28 20:16
    Желкелеріңнен шықсын орыстар,тілдеріңмен бірге шіріп кеткірлер қазақстан қазақстан емес орыстан елі сияқты болмаса солай ауыстыра салайық 2 ші ресей деп па болды сосын қазақ тілін ап тастаңдар тек орыс тілін қалдырыңдар басты қатырмай бір тіл болсын болды анау мынау демей
    Sultan 2025-09-28 20:13
    Бір ақ тіл қалдырыңдар болды не қазақша не орысша,не ағылшынша болды миды қатырмай бәле болдыңдар ғой сендер.Қазақ тілі қашан ресми және мемлекеттік тілге айналады осы,30 жылдан бері әлі күнге дейін орыс тілінен шыға алмай қалдыққой бәле болды осы орыс тілі қашан құтыламыз осы орыс деген тілден,бұлай билет ап бармай ақ қойдым өңшең өз тілін ұмытқан намыссыздар
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий