Талдықорғанда 3 жастағы қызын мен әйелін ұрып-соққан әке сотталды

06.06.2026 12:29 Қарақат АСЫЛОВА
Талдықорғанда 3 жастағы қызын мен әйелін ұрып-соққан әке сотталды
280
Талдықорғандағы сұмдық іс бойынша үкім шықты

Талдықорған қаласында 3 жасар қызы мен әйелін соққыға жыққан тұрғынға қатысты резонансты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оқиға биыл ақпан айында Жетісу облысында тіркелген. Алғашында медициналық мекемеден 102 арнасына 3 жасар баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері бар жарақаттар анықталғаны туралы хабар түскен. Кейін белгілі болғандай, ауыр жарақат алған бүлдіршін өз әкесінің қолынан зардап шеккен.

Полиция мәліметінше, күдікті оқиға кезінде мас күйде болған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары оны сол жерде ұстаған.

Іс бастапқыда Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Ауыр дене жарақатын қасақана келтіру») бойынша тергеліп, кейін 110-бапқа («Азаптау және ұрып-соғу») қайта сараланған. Тергеу ерекше бақылауда жүргізілген.

Айыпталушыға қатысты іс Талдықорған қалалық сотында қаралып, сот оны кінәлі деп танып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий