Тамара Асар өмірдегі қуанышын бөлісті
600
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асардың қызы үш жасқа толды. Өнер иесі желіде перзентінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті.
Тамара Асар қызының туған күнін аяқ-асты ұйымдастырып, жақындарын небәрі 2-3 сағат қалғанда шақырғанын айтты. Өнер иесі жолдасы екекуі жұмыспен қарбаласып, бұл кешті алдын ала жоспарлай алмағанын жеткізді.
Ерлі-зайыпты елордадағы қымбат мейрамханалардың бірінде ет-жақындары мен отбасылық достарының басын қосқан.
"Сыйға сый сыраға бал. Бапасы солтүстікте, мен батысқа мұнайшылар мерекесімен жолда болғасын, Ажарлымыздың туған күнін алдын ала жоспарлай алмадық. Бас аяғы 2-3 сағат қалғанда Астанадағы отбасылық дос-жақындарға телефон шала қойып едік. Бәрі бір ауыздан келе қалды. "Ертерек неге айтпадыңдар?" деп бөтен өкпе айтпастан, шақырғанда жүгіріп келе қоюдың өзі бір бөлек қуаныш екен. Рахмет ниеттеріңізге тілекшілеріміз. Сіздердің де 24/7 іздесеңіздер, шақырсаңыздар келе қалатын дос-жаран, туыстарыңыз болсын", - деп жазды Тамара Асар.
Соңғы жаңалықтар
05.09.2026
17:36
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстары кезінде ек...
05.09.2026
17:12
Бауыржан Байбекті қарамағындағы адам тонап кетті
05.09.2026
16:26
«Діни сауаттылық қажет»: Мөлдір Әуелбекова Баян...
05.09.2026
15:13
Қазақстанның үш облысында әскери техника қозғал...
05.09.2026
14:09
СҚО-да 89 жастағы әйел балтамен өлтірілген: Күд...
05.09.2026
13:58
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының о...