Танымал продюсер Бағым Мақсатқызын ұятқа қалды
«The Voice Қазақстан» жобасының тәлімгерлері Тұрар Ыдырыс пен Бағым Мақсатқызы «Қызық Times» бағдарламасының студиясында қонақ болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Сұхбат кезінде Тұрар Ыдырыс продюсер туралы көптен бері айтылып жүрген әңгіменің шынайылығын сұрады. Ол Бағым Мақсатқызының кейбір клиптерде танымал әншілердің орнына ән орындағаны рас па деген сауал қойды.
«Бір жағдай есіме түсіп кетті. Төрт қыздан құралған Дауыс International тобы бар еді ғой. Солардың бейнебаянын тез шығару керек болған, ал қыздардың дайындығы толық болмаған. Сол кезде сіз төрт қыздың орнына төрт түрлі дауыспен айтып бердіңіз деген сөз бар. Осы рас па?» — деді Тұрар.
Бағым Мақсатқызы бұл әңгіме шындыққа толық сәйкес келмейтінін, тек екі қатысушының орнына дауыс жазғанын айтты. Ол оның себебін де түсіндірді.
«Төртеуі емес. Асыл мен Рано дайын болды. Әсел Сәдуақасова мен тағы бір қыз дайын емес еді. Әсел ол кезде 10-сынып оқушысы, кастингке алғаш рет келгеніне қарамастан топқа өтті. Бізге бейнебаянды уақытылы түсіру қажет болды. Қыздардың жеке орындау қабілеті бар, бірақ экспромтпен айту тәжірибесі жетіспеді. Сондықтан екі адамның дауысын мен орындауға мәжбүр болдым», — деді продюсер.
Жүргізуші «Егер YouTube-тен сол әнді ашсақ, онда естілетін – сіздің дауысыңыз ба?» деп нақтылады.
«Иә, ол жерде менің дауысым бар», — деп растады Бағым Мақсатқызы.
Соңғы жаңалықтар