Танымал психолог: Мақпал Қаратай мені сотқа берді
Танымал феншуй маманы, психолог Ирина Раззах өзіне қатысты қозғалған сот процестері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы ол «Жұлдыздар сөйлесін» подкастында әңгімеледі.
Ирина Раззах сот процесінің қалай өткенін және істің қалай аяқталғанын баяндады.
«Мақпал Қаратай, одан кейін мен ол оқиғаны былтырлары... Мен оқиғамды айтамын ғой негізі, жаңа аудиторияға айтамын. Мен кім едім, қазір кім болдым, қандай жолым бар деген сияқты. Былтыр әңгіме қылып айта бастаған кезде Reels-та, Жанар Байсемізден бұрын ол айтылды. Сол кезде ол мені сотқа берді. «Менің абыройыма нұқсан келтірді» деді. Сосын сотқа бардық. Менің жақсы қорғаушыларым бар еді, «Заңғар Лау» деген, білетін шығарсыздар. Сол кісілермен сотқа барған едік. Біз сотта... Ол 2 миллион сұраған. Бұлардың барлығы бәле: 5 миллион сұрағыш, 2 миллион сұрағыш, бәрі сұрағыш. Сөйтіп 2 миллион сұраған, соны біз сотта жеңіп шықтық. Ол өзі: «Қазір тоқтата тұрыңыздаршы, біз ақылдасып алайық», – деді де, сосын соттан өзінің арызын қайтарып алып кетті. Сөйтті де біздің заңгерлердің қызметін ғана төледі. Сөйтіп, иә, енді әдемі болып... Ол бірінші подкаст түсіремін деді. «Мен бүйтемін, сүйтемін, мен подкаст түсіремін, өзімнің шындығымды айтамын», – деді Жанар Байсемізден шыққаннан кейін. Өзінің сторисінде халыққа айтып жатыр ғой. Сосын барып шықты. Ешнәрсе істей алмайтынын, бұрыс екенін білгеннен кейін. Содан: «Жаным, Ирина, мен саған бақыт тілеймін, бақытты болып кетші», – дейді. Алдында … да маған сол сөзді айтқан. «Бақытты болып...» Тап бір мен бақытсыз болғаннан соларды шұқып жүргендей, солардың ізіне түсіп алғандай. Мен қайта бақыттымын, мен халықтың жағындамын. Мен бақытсыз болсам, оны айтуға менде күш болмас еді. Менің ішкі жігерім мықты болғаннан кейін, айта алатын болғаннан кейін... Мен бір жағынан: «Неге мен?» – деп ойладым. Кейін барып: «Құдай мені солай қылып жаратқан, демек, менде де айтып отыратын осындай бір пайда бар», – дедім. Байқаңыздар, көріп қойдым ба, ертерек айтамын», – деді Ирина Раззах.
Сонымен бірге феншуй маманы өзіне бағытталған сыни пікірлерге қарамастан, қоғамдағы өз орны мен қолдаушыларының бар екенін, сондай-ақ бұл жағдайларға эмоционалды түрде жауап бермейтінін жеткізді.
«Сонда айтамын да, бұлар бүйтіп айналдырып әкеледі ғой, тап бір мені көре алмай жатқандай, сосын бақытсыз болғаннан әркімді барып бақытсыз қылып жатқандай, жолын тосып жатқандай қылып айтады. Мен сонда да бақыттымын, мен күштімін, халық мен жақта, мен халық жақтамын. Менің қолдаушыларым бар. Өмірім өте әдемі! Мен енді оны дәлелдегім келіп тұрған жоқ. Менде Алексей деген ұстаз бар. Оның менің өміріме келгенінің өзі – ешкімнің қолына түсе бермейтін бақыт», – деді феншуй маман.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желілерде қаржылық табыс табуды және даму сабақтарын жүргізетін кейбір блогерлер мен мамандардың қызметіне қатысты пікірін білдіріп, әрбір азаматты ақпаратты сараптауға шақырды.
«Ол «Аққа Құдай жақ» деп менің бір пейіліме жіберілген адам. Өйткені бағана айттым ғой, жаман адам да ақша табады. Жаман жолмен де табады, бірақ оны жинап-жинап, бір күні өзінің құрған тузағына өзі түседі. Есіңізде ме, Жұлдыз Ақболат? Жұлдыз Ақболат қаншама ақша жасады, өзінің айласына өзі түсті. Қазір миллиондаған қарызы бар. Енді соны мықты болса... Тәубе деп сөйлейін, күлгенім емес, иә. Мықты болса, неге сол өзі халыққа берген қызметімен, үйреткен сабағымен қайтадан сол қарызынан құтылмайды? Ол ақша табуды үйретемін деді ғой. Неге сол дұғаларын, сейфтегі дұғаларын айтып, қарыздан құтылмайды? Сондай адамдардың әрқайсысы өзіне сұрақ беруі керек. Бәрі ашық-жарқын көрініп тұр ғой негізінде», – деді Ирина Раззах.
Соңғы жаңалықтар