Танымал үш дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды

Танымал үш дүркін олимпиада чемпионы қайтыс болды
ашық дереккөзден

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында қайтыс болды.

Сайтиев 1996 жылы Атлантада, 2004 жылы Афиныда және 2008 жылы Бейжіңде 74 келі салмақта Олимпиада чемпионы атанды.

Ол сондай-ақ алты дүркін әлем чемпионы, бірнеше рет Ресей чемпионаттарында жеңіске жеткен, 1998 жылы Ізгі ниет ойындарының және 2008 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы.

2009 жылы Бувайсар Сайтиев 4-дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденіменмарапатталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу