Таразда адвокаттың көлігіне «оқ атылды»: Полиция күтпеген мәлімдеме жасады

13.07.2026 12:26 Әсел МҰРАТ
Таразда адвокаттың көлігіне «оқ атылды»: Полиция күтпеген мәлімдеме жасады
89
Фото: әлеуметтік желіден

Тараз қаласында адвокаттың көлігіне оқ атылғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Аталған жағдайға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Адвокат Лола Врублевскаяның айтуынша, ол көлігіне қарай бет алған кезде оқ дауысына ұқсас қатты дыбысты естіген. Айналадан ешкімді байқамаған ол кейін автокөлігінің терезесінде тесік пайда болғанын көріп, бірден полицияға жүгінген.

Алайда полиция жүргізген тексеру нәтижесінде көлікке атыс қаруынан оқ атылмағаны анықталған.

Полиция департаментінің мәліметінше, бөтеннің мүлкін бүлдіру дерегі бойынша жүргізілген тексеру барысында екі құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Анықталғандай, олар рогаткамен нысанаға атып ойнаған. Салдарынан оқ абайсызда көліктің терезесіне тиіп, әйнекті зақымдаған. Бұл оқиға атыс қаруын қолданумен байланысты емес», – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция тұрғындарды әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий