Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионы атанды

29.07.2026 21:52 Қарақат АСЫЛОВА
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер әлем чемпионы атанды
211
Украинаны жеңген Қазақстан тарихи алтынға қол жеткізді

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден (шпага) әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Politico.kz.

Гонконгта өткен әлем біріншілігінің финалында қазақстандық спортшылар Украина құрамасымен кездесіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті. Ел намысын Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов қорғады.

Финалға дейін Қазақстан құрамасы Финляндияны 45:39, Өзбекстанды 28:27, Данияны 45:36 және Мысырды 41:32 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Бұл – Қазақстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы ең жоғары нәтижесі. Бұған дейін ұлттық құрама 2025 жылы Грузияда өткен әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы атанған қазақстандық семсерлесушілерді құттықтап, бұл жеңіс отандық спорт тарихындағы айтулы оқиға екенін атап өтті.

Президент құттықтауында тарихи алтын медаль спортшылардың жоғары шеберлігі, қайсар мінезі және командалық бірлігінің жемісі екенін айтып, чемпиондар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін арттырғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ оларға алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий