Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті: СІМ не дейді?

Ташкентте қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті: СІМ не дейді?
Фото: ашық дереккөз

Ташкентте өтіп жатқан халықаралық жарыс кезінде Қарағандыдан барған 15 жас футболшының денсаулығы күрт нашарлады. Бұл туралы блогер Денис Денски мәлімдеді. Осы жағдайға қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Блогердің хабарлауынша, балалар мен бірге барған ересектерде алғашқы ауру белгілері 2026 жылы 31 қазанда Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкеннен кейін байқалған. Науқастардың іші қатты ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәуліктің ішінде 15 бала сырқаттанып қалған.

Ата-аналардың айтуынша, таңғы аста жұмыртқа жемеген 8 спортшы ауырмаған. Осыған байланысты ата-аналар балалардың жаппай сырқаттануына сапасыз тағамнан улану себеп болды деп есептейді.

Кейінірек Денис Денски Ташкент дәрігерлерінің алдын ала «тағамнан улану» диагнозын қойғанын хабарлады. 

Блогердің сөзінше, ата-аналар медицина қызметкерімен болған әңгімені бейнежазбаға түсіріп алған. Дегенмен, зертханалық зерттеулердің қорытындысы әлі шықпағандықтан, сырқаттың нақты неден туындағаны әзірге белгісіз.

Біздің дереккөз бойынша, 21 адам ауруханаға түскен. Оның 9-ы - ересек адам, 12-сі - бала.

Осы жағдайға байланысты Сыртқы істер министрлігі тілшімізге түсініктеме берді.

Министрлік Ташкентте өтіп жатқан «Dostlik Cup 2026» халықаралық футбол фестиваліне қатысушылардың денсаулығы нашарлаған жағдайдан толық хабардар екенін растады.

«Көмекке мұқтаж барлық Қазақстан азаматы Өзбекстанның мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылды, оларға қажетті дәрігерлік көмек көрсетілуде. Қазақстандық дипломаттар отандастарымыздың туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыс орнатып, аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр», – деп хабарлады министрліктегілер.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу