"Лайықсыз деп сызып тастапты": Меруерт Түсіпбаева мемлекеттік орденнен қалай қағылғанын айтты
Әнші Меруерт Түсіпбаева 55 жас мерейтойына орай ұсынылған мемлекеттік орденнен белгісіз біреудің шешімімен қағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі бұл жағдайға бола еш мойымағанын, керісінше өзін тізімнен шығарып тастаған жанға әлеуметтік желідегі бейнежазбасы арқылы үн қатқанын жеткізді. Ол 2014 жылы "Еңбек сіңірген қайраткер" атағын алғанын, сол уақытта бұл марапаттың мәртебесі "Халық әртісімен" пара-пар болғанын еске салды.
«Жақында жаңбырдай жауған атақтар туралы маған көп сұрақ келді. "Қазаншының еркі бар" – менің жауабым. "Еңбек сіңірген қайраткер" атағы сол кезеңде "Халық әртісі" атағына жақын еді. Өйткені ол кезде "Халық әртісі" атағын мүлдем алып тастаған болатын. Маған бұл атақ 2014 жылы бұйырды. Шүкір! Жақында 55 жас мерейтойыма орай орденге ұсынылып едім. "Лайықсыз" деп мені бір мықты сызып тастапты. Ештеңе етпейді, иә? Бүгін мен осы видеомен мені сызып тастаған адамға жауап бердім!» – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Соңғы жаңалықтар