Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды: зардап шеккендер де бар
Ақмола облысында 1 қарашада Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша, Біржан сал ауданына қарасты Қоғам ауылының маңында төрт көлік соқтығысқан.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан екі адам оқиға орнында, тағы біреуі кейін ауруханада көз жұмған. Зардап шеккендер де бар.
«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
10:46
Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы а...
02.11.2026
10:15
"Лайықсыз деп сызып тастапты": Меруерт Түсіпбае...
02.11.2026
09:59
Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, үш а...
02.11.2026
09:39
Ақтаудағы дәрігерге шабуыл: баланың әкесі мәлім...
02.11.2026
09:20
«Сенсіз өткен 222 күн»: Келеске түсіп жоғалған...
01.11.2026
18:08
Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында р...