«Тасмағамбетовпен тойдан кейін төбелескен»: Танымал актер Иманғали туралы ел естімеген шындықты айтты
Белгілі актер актер Алмат Сақатов Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында юылтыр қарашада басы дауға қалған әнші Мұқасан Шахзадаев туралы өз ойын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Актер өзінің досы Мұқасан Шахзадаевқа қатысты жағдайға рікір білдіріп,жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтынын айтты
Өткен жылдың қараша айында "Нұр-Мұқасан" тобына жаңадан қосылған жас әнші Ғалымжан Сүлеймен өзін Мұқасан Шахзадаевтың ұрып-соққанын айтқан еді.
«Тіл шықпаса, мұрыннан қан шықпайды. Мен Нұрланның қасындағы әнші баланы танимын. Жақсы, өте биязы, мәдениетті бала. Бірақ ол жерде әй жоқ, шәй жоқ төбелес болуы да мүмкін емес. Екіншіден, мен ол жерде болмадым. Баланың өзі де Мұқасанның өзі келіп, мені ұрды деп айтқан жоқ. Олар 2-3 адам болған. Таңертеңнен кешке дейін оны ешкім тепкілеген жоқ. 4-5 соққы болған. Сонымен бітті. Баланың өзінің төбелестен алыстау екені көрініп тұр. Әрине, «менің әндерімді айтып жүр, сондықтан ұрдым» дген ақпарат тарағанда, Мұқасанға не болды не ойладым. Мүмкін емес. Бірақ Мұқасанға хабарласқан жоқпын. Себебі, ол — менің досым, әріптесім. Екеуміз ең қиын кезде қанжығалас болып бірге жұмыс істедік. Сол үшін «сондай болды, мен сүйттім» деген әңгімесін естігім келген жоқ. Досым сол қалпында қалсын деп ойладым. Тентек болды ма, тентек болды. Ер шекіспей, бекіспейді» — дейді ол.
Алмат Сақатов өнер адамының Иманғали Тасмағамбетовпен төбелесіп, артынша дос болып кеткенін мысалға келтірді. Бірақ ол нақты кімді меңзегенін айтқан жоқ.
«Бір жігітті білемін. Кезінде Иманғали Тасмағамбетовпен тойдан кейін быт-шыт болып төбелескен. Өнер адамы. Кейін екеуі қатты дос болып кетті. Қазір бір жаманы, өсекшілер мен жала жабушылар көбейіп кетті. Қалтамда ақшам жоқ болса, мен саған тиісші деп тұрамын. Сен келіп мені ұрасың, ертеңіне сол ақшаны өзің әкеп бересің. Сондай заман болды. Әйтпесе еркекпен еркек төбелескеннен кейін мұрның сынып, ернің жыртылған шығар, бірақ өліп қалған жоқсың ғой», — дейді ол.
Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісін соққыға жықты деп айыпталғаны хабарланған еді. Кейінірек Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Соңғы жаңалықтар