"Тез келемін деген еді". Астанада көзіне лазерлі ота жасатқан үш баланың анасы көз жұмды

02.12.2025 14:59 Мөлдір Талғат
0
373
Фото: ашық дереккөз

Өз аяғымен көзіне жеңіл лазерлі ота жасатуға барған әйел қаза тапты, деп хабарлайды  POLITICO.KZ.

Әйел туысқандарының хабарлауынша, 30-40 минутқа ғана созылатын ота алдында анасында ешқандай кері көрсеткіштер болмаған. Алайда отаға 1 сағат қалғанда дәрігерлер тағы бір диагноз қосып, сол бойынша жасайтындарын айтқан. Анасының артында қалған 3 жасар бауырын қамқорлығына алып жатқан Ақерке Әкімханова Stan.kz тілшісіне оқиғаны баяндап берген.

“Отбасымда анам, сіңлім мен інім, төртеуіміз ғана. Анам екі бауырыммен бірге тұратын. Ал мен тұрмыстамын. Сіңлім 20 жаста, кіші інім үш жаста. Анам кіші інімді “психикалық дамудың тежелуі” бойынша орталықтарға апарып емдетіп жүрген. Сөйтіп жүргенде өзінің көзінің тор қабатының ажырауымен мәселелер пайда болды. Сол бойынша портал арқылы кезекке тұрды. Отаға дейін барлық сараптамадан өтіп, жүрегін тексерткен”, – деді ол.

Оқиға 31 қазан күні болған. Ақеркенің анасы кішкентай інісін қарауды өтініп, өзі ота жасатуға кеткен. Сонымен қатар қызы бұрын анасының денсаулығында жүрекке байланысты ешқандай мәселелер болмағанын алға тартты.

Қазір Ақерке анасынан айырылған 3 жасар бауырына басып алуды мақсат етіп жүр. 

“Анамның өлімі бойынша істі қалай да бастайын деп едім. Бірақ күш те, энергия да жетпеді. 3 жасар інім анасынан айырылып, мен асырап алу құжаттары үшін жүгіріп жүрмін. Ол анамызды іздеп күнде жылайды. Қалайша осылай баланы анасынан айрады? Бәрі маған ініме көбірек көңіл бөлуге кеңес беріп жатыр. Өйткені біздің елде дәрігерге қарсы істі 99% ұту мүмкін емес деді. Резонанс тудыруға да күшім қалмады. Асырап алу мәселесін тезірек бітіре аламын деп ойлаймын. Қазір жауапты дәрігерлер бостандықта жүр”, – деді ол. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий