TikTok эфирінде балағат айтқан талдықорғандық әйелге айыппұл салынды
358
Талдықорғанда 44 жастағы әйел TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтқаны үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол бұған дейін де осыған ұқсас әрекеті үшін екі рет әкімшілік жауапқа тартылған.
Полиция қызметкерлері эфирдегі балағат сөздерді әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған. Тексеруден кейін материалдарды жинап, сотқа жолдаған.
Сот әйелді кінәлі деп танып, кәмелетке толмаған жас балалары бар екенін ескеріп, айыппұл тағайындаған.
Полиция көпшілікке арналған тікелей эфирде де әдеп нормаларын сақтау керегін, бейәдеп сөздер үшін заң алдында жауап беруге тура келетінін ескертті.
Айта кетейік, Қызылорда облысы жақта тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыппұл салынған болатын.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
13:15
TikTok эфирінде балағат айтқан талдықорғандық ә...
23.09.2026
13:00
«Мың теңге мен бір қалам алып бермейтін әке»: Ә...
23.09.2026
11:39
«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин еске...
23.09.2026
11:37
Қазақмыс Жезқазғандағы кеншілерге заманауи жағд...
23.09.2026
11:14
«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезін...
23.09.2026
11:08
Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі тағайындалды