«Тілім бар деп оттай берме!»: танымал блогер Баянды жерден алып жерге салды

21.11.2025 12:31 Мөлдір Талғат
«Тілім бар деп оттай берме!»: танымал блогер Баянды жерден алып жерге салды
0
65
Фото: коллаж sn.kz

Желіде орамалдағы блогер қыздың Баянды әбден сынап тастаған видеосы тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Айтуынша ақырет күні оны ашқандай атақ-абыройы мен байлығы құтқара алмайды.

"Баян ханым сен өлгенде сені Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша, сен жақтырмайтын шариғат бойынша жерлейді. 25 метрлік ақ матаға орап жерлейді. Сені үлде мен бүлдеге, қымбат әшекейлер мен брендтерге орап жерлемейді. Ақырет күні сен үшін адвокаттарын жауап бермейді, атақ-абыройын көмектеспейді. Имамдарды сынап жүрсің, сақалдыларды тілдеп жүрсің. Осы үшін кейін өзің ғана жауап бересің. Кеш болмай тұрғанда олардан кешірім сұра. Мүмкін олардың Алла алдындағы дәрежелері сенен биік шығар. Тілім бар, аузым бар деп оттай берме. Кеш болмай тұрғанда ойлан. Бала-шаған, күйеуің, ешкім қасыңда болмайды өлгенде. Өзің жауап бересің", - деді ол.

Оқырмандардың бірі блогердің бұл пікірін қолдаса, енді бірі Баянға тиіспеуін өтінген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий