Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қажеттігін айтты

17.03.2026 14:56 Мөлдір Талғат
Тоқаев алпыстан астам заңға түзетулер енгізу қажеттігін айтты
38
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумның маңызын атап өтіп, алдағы уақытта заңнамалық жүйе түбегейлі жаңаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Президенттің айтуынша, Конституцияға енгізілген өзгерістер – елдегі бірлік пен реформаларға деген халық қолдауының айқын көрінісі.

«Халық Конституциясын қабылдау – жалпыұлттық бірліктің нәтижесі. Бұл құжаттың тарихи маңызын уақыттың өзі бағалайды. Ал бізге мемлекеттіліктің жаңа кезеңін қалыптастыру міндеті жүктеліп отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев ел дамуы жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, алда ауқымды әрі күрделі реформалар күтіп тұрғанын жеткізді. Оның сөзінше, жаһандық тұрақсыздық жағдайында бұл жол оңай болмайды, дегенмен ел алға жылжуын тоқтатпауы тиіс.

Президент қол қойған жарлық Конституция нормаларын іске асырудың нақты бағыттарын белгілейді. Осыған байланысты Парламент қарауына бірқатар жаңа конституциялық заң жобалары енгізілмек.

Атап айтқанда, Президент, Құрылтай, Халық кеңесі, Астананың мәртебесі және әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты бес жаңа заң ұсынылады. Сонымен қатар сегіз конституциялық заң мен 60-тан астам қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді. Сайлау жаңа парламенттік сессия басталғанға дейін өткізіледі деп күтілуде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, саяси және құқықтық жаңғыру – қысқа мерзімді емес, ұзақ уақытты қажет ететін жүйелі процесс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий