Тоқаев экономиканы жаңғырту туралы жарлыққа өзгерістер енгізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономиканы жаңғырту шаралары туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мемлекет басшысының 2007 жылғы 13 сәуірдегі №314 жарлығына енгізілген түзетулерге сәйкес, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ережелеріне бірқатар өзгеріс енді.
6-баптың 2) тармақшасы мынадай түрде қайта жазылды:
«2) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің іске асырылуы бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар қабылдап жатқан шаралардың мониторингін жүргізеді».
11-бап жаңа редакцияда былай белгіленді:
«Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі мен жұмыс органының ұсынысы бойынша жоспардан тыс мәселелерді қарауға арналған кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін».
Сондай-ақ, кезектен тыс отырыстың өткізілу күні, қаралатын материалдар мен Комиссия мүшелерінің қатысымын растау мерзімдері төрағаның шешімімен анықталады.
Төрағаның тапсырмасымен кейбір жоспардан тыс мәселелерді сырттай дауыс беру арқылы қарастыруға рұқсат етіледі.
Мемлекеттік комиссия мүшелері хаттама жобасын үш жұмыс күні ішінде келісіп, визалайды.
17-бапта енді былай жазылған:
«Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады және стенограмма негізінде хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады. Хаттаманың көшірмелері барлық комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады».
Сонымен қатар, Мемлекеттік комиссияның жаңа құрамы бекітілді. Құрамға мыналар енді:
- ҚР Премьер-Министрі – төраға
- ҚР Ұлттық банкінің төрағасы
- «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша)
- Үкімет басшысының бейінді орынбасарлары
- Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы
- Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі
- ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
- Көлік министрі
- Қаржы министрі
- Индустрия және құрылыс министрі
Жарлық 2025 жылғы 25 сәуірден бастап күшіне енді.
Ақпарат kazinform агенттінінен алынған.
Соңғы жаңалықтар





