Тоқаев ФИФА президентімен кездесу өткізді

Тоқаев ФИФА президентімен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жұмыс сапары барысында Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін федерацияға ризашылық білдірген.

Сондай-ақ президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірген.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу