Тоқаев Путинді құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді телефон арқылы туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне орай шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен және қоғамдық-саяси орта өкілдерінен көптеген құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсуде.
«Сондай-ақ Путин бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Владимир Путинді Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Масуд Пезешкиан, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев туған күнімен құттықтады», - делінген хабарламада.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин 74 жасқа толды.
Соңғы жаңалықтар