Тоқаев судьяларды тағайындап, бірқатар сот басшысын қызметінен босатты

06.10.2026 • 12:23 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев судьяларды тағайындап, бірқатар сот басшысын қызметінен босатты
361
Фото: Sputnik

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларды тағайындау және қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. 2026 жылғы 1 қазандағы №1511 құжатта жаңа тағайындаулармен қатар, айыптау үкімі мен тәртіптік теріс қылыққа байланысты қабылданған шешімдер де бар, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Zakon.kz-ке сілтемемен.

Екі сот төрағасы айыптау үкіміне байланысты босатылды

Солтүстік Қазақстан облысында екі сот төрағасының өкілеттігі оларға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгендіктен тоқтатылды:

  • Бекбол Алғыбайұлы Баймаханов — мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы;
  • Ерлан Теңбайұлы Ибраев — Петропавл қаласының №2 сотының төрағасы.

Екеуі осы жылы 7-6 жылға сотталып кеткен.

Сот жюриінің тәртіптік теріс қылыққа қатысты шешімі бойынша мына судьялар қызметінен босатылды:

  • Қанат Жандарбекұлы Шайқамалов — Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Дәурен Сансызбайұлы Айқұлов — Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы;
  • Айжан Құлманқызы Сатыбалдиева — Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының төрағасы.

Жаңа сот төрағалары

Абай облысының Жарма аудандық сотына Айгүл Мұқайқызы Сәдуақасова төраға болып тағайындалды.

Қостанай облысының Рудный қалалық сотын Шолпан Қуанышбайқызы Нақыпова басқарады. Ол осы облыстың Сарыкөл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Судьялық қызметке тағайындалғандар

Астана қаласы:

  • Марал Қасқырбайқызы Сейітова — азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотында судья болған.
  • Хабиба Қасымқызы Тілеубергенова — азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа ауысты. Бұрын Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья болған.
  • Аделия Оңдасынқызы Хасенова — қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа тағайындалды. Бұған дейін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызмет атқарған.
  • Гүлнара Қанатбекқызы Ажақаева — мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа ауысты. Бұрын Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судья болған.
  • Телжан Қуанышбекұлы Жүсіпов — мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа тағайындалды. Бұған дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жұмыс істеген.

Алматы қаласы:

  • Әсет Әпсеметұлы Ақшолақов — мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына тағайындалды.

Шымкент қаласы:

  • Жәнібек Салманұлы Аятов — мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа тағайындалды. Бұрын Түркістан облысының Түлкібас аудандық сотында судья болған.

Абай облысы:

  • Жаннұр Маратқызы Ғалымова — Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына ауысты. Бұған дейін Бесқарағай аудандық сотында қызмет атқарған.

Ақтөбе облысы:

  • Наурызғали Романұлы Мұханбедьяров — Темір аудандық сотына;
  • Ертуған Қайратұлы Бегалиев — қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа тағайындалды.

Алматы облысы:

  • Руслан Ержігітұлы Бақтаев — Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына;
  • Марлен Жұмаханұлы Жұмаханов — Қарасай аудандық сотына;
  • Гүлжан Ілиясқызы Азамат — мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында судья болған.

Атырау облысы:

  • Нұрхан Мұратұлы Аманжолов — қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысы:

  • Бауыржан Алпысбайұлы Убин — Орал қалалық сотына;
  • Умида Батырбекқызы Жетпісбаева — Сырым аудандық сотына тағайындалды.

Жетісу облысы:

  • Сәуле Тұқашқызы Нұрғалиева — қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа ауысты. Бұрын осы облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызмет атқарған.

Қарағанды облысы:

  • Исламхан Амангелдіұлы Есенбаев — Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотына тағайындалды. Бұған дейін Теміртау қалалық сотында судья болған.
  • Данияр Маратұлы Тұрсынов — мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа ауысты. Бұрын Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында қызмет атқарған.

Қызылорда облысы:

  • Бибігүл Ахунбайқызы Әбубәкірова — Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына тағайындалды. Бұған дейін Байқоңыр қалалық сотында судья болған.

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • Михаил Михайлович Гусев — Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына тағайындалып, Петропавл қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Шығыс Қазақстан облысы:

  • Жанар Қанапияқызы Тасубаева — мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа ауысты. Бұрын Риддер қалалық сотында судья болған.

Басқа соттарға ауысқан судьялар бұрынғы лауазымдарынан босатылды.

Төрағалықтан босап, судья болып қалғандар

Өкілеттік мерзімі аяқталғандықтан, мына сот басшылары төрағалық қызметтен босатылды. Олар сол соттарда судья болып жұмысын жалғастырады:

  • Нурмухаммат Махаматович Абидов — Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Рашид Амантайұлы Нұрмағамбетов — Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Ескендір Қайырбекұлы Шыныбаев — Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
  • Ибрагим Муцалхаевич Дезиев — Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
  • Әділет Сайранұлы Бақтияров — Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
  • Нұржан Әлібекұлы Омаров — Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
  • Руслан Төлеубайұлы Сәрсен — Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
  • Айнұр Қамзабекқызы Садықова — Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық сотының төрағасы.

Тағы екі сот басшысы өз өтінішімен төрағалықтан босап, судья болып қалды:

  • Гүлмира Дұрысбекқызы Қыдырбаева — Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Бауыржан Серікұлы Әлжанов — Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

Өз өтінішімен қызметтен кеткендер

  • Ақжол Мақұлбекұлы Жапарбек — Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы;
  • Жанна Жұматайқызы Ақпаева — Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы;
  • Хайдар Бақытұлы Әбдіғұлов — Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы;
  • Мэлс Ермағанбетұлы Идирисов — Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы. Оның судьялық өкілеттігі де тоқтатылды;
  • Гүлсүм Бағдадқызы Иманбаева — Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы;
  • Тұрар Арыстанұлы Алданов — Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының судьясы.

Отставкаға кеткендер

Орнынан түсуіне байланысты мына судьялар мен сот басшылары қызметінен босатылды:

  • Нұрлан Өміртайұлы — Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы;
  • Қалдарбек Досымбет — Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Тәтті Қайырғалиқызы Уәлиева — Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
  • Симузар Акбаровна Курбанова — Алматы облыстық сотының судьясы;
  • Мәлібай Таңатарұлы Қосымбетов — Ақтөбе облыстық сотының судьясы;
  • Айгүл Қуанышқызы Тәшенова — Атырау облыстық сотының судьясы;
  • Ернар Елпірұлы Тоқпанов — Қарағанды облыстық сотының судьясы;
  • Жәкен Еденұлы Кенжин — Ұлытау облыстық сотының судьясы;
  • Жанна Жеңісқызы Салықбаева — Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы;
  • Әлия Қабденқызы Құсманова — Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы;
  • Ардақ Болатханұлы Ешеев — Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрағасы;
  • Рауза Қарсенбайқызы Әлиева — Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;
  • Айдарбек Сағынұлы Дүйсебалиев — Атырау қалалық сотының судьясы;
  • Мар-Лен Мыңжанұлы Тілеубеков — Жамбыл облысы Шу аудандық сотының төрағасы;
  • Гүлжазира Садабаева — Жетісу облысы Көксу аудандық сотының төрағасы;
  • Абай Әбдіғалиұлы Райысов — Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы;
  • Нұрлан Қабиұлы Бекішев — Қостанай қаласының №2 сотының судьясы;
  • Серік Еділбайұлы Айбасов — Қостанай ауданаралық сотының судьясы;
  • Арман Маратұлы Бүріктібаев — Қостанай ауданаралық сотының судьясы;
  • Амангелді Мұхтарұлы Ертышпаев — Қостанай облысы Меңдіқара аудандық сотының судьясы;
  • Құралай Мұзартқызы Садырова — Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы.

Басқа жұмысқа ауысқан судьялар

  • Әсел Рамазанқызы Ғайнединова — Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы;
  • Серікқали Қанекешұлы Бердібеков — Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;
  • Қанат Нұрғабылұлы — Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының судьясы.

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотының судьясы Асылхан Әбітханұлы Мизанбаевтың өкілеттігі қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Войдите, чтобы оставить комментарий