Тоқаев Зеленскийді құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскийді Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Ақордада мәлім етті.
"Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 24 тамыз Украинаның басты мемлекеттік мерекесі саналады. Бұл күні елдің егемен мәртебесін қалпына келтіргеніне 35 жыл толып отыр. Ресми шежіре 1991 жылдың 24 тамызынан басталады. Дәл осы күні Украина КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы Украина тәуелсіздігін жариялау актісі атты тарихи құжатты қабылдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...