Тоқтар Серіков халыққа үндеу жасады
Әнші Тоқтар Серіков халықты алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Желі қолданушыларының айтуынша өнер иесі бұл үндеуді біраз уақыт бұрын Павлодар облысының Баянауыл ауданына концерт қоюға барған кезде жасаған. Видеоны Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жариялады.
«Қазіргі таңда алаяқтардың көбеюі халықты алаңдатып отыр. Сондықтан ағайын, сіздерді алаяқтарға алданып қалмауға шақырамын. Әр түрлі мемлекеттік мекеменің атынан хабарласып жатыр. Бізге сіздердің құжаттарыңыз қажет немесе карта нөміріңіз қажет деп телефон шалса, сенбеңіздер. Алдымен анық-қанығын біліп, жергілікті органдарға хабарласып, содан кейін ғана мәселені шешу керек. Сіздерді әрқашан сақ болуға шақырамын», - дейді әнші.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
12:32
Алматыдағы үш университетке жарылғыш зат қойылғ...
20.10.2026
12:17
Кореяда қазақстандық азамат жүргізушілерге қоқа...
20.10.2026
11:56
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың Қызылордад...
20.10.2026
11:42
Пашинян неліктен Жапаровты «Қазақстан президент...
20.10.2026
11:33
ҚызПУ студенттерін тегін ыстық тамақтан айыру ұ...
20.10.2026
11:06
«Құпия» қызмет: банкомат танысының қарызын көрс...