Төреғали Төрәлінің әйелі 11 жыл ауыр дертпен күрескен қызы туралы айтты

23.06.2026 14:12 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Төреғали Төрәлінің әйелі 11 жыл ауыр дертпен күрескен қызы туралы айтты
170
Фото: instagram.com/tolkynturarbekkyzy

Әнші Төреғали Төрәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде үлкен қызы Кәусардың 11 жасқа толуына орай жазба жариялап, баланың денсаулығы үшін талай жылдан бері күресіп келе жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Анасының сөзіне қарағанда, қыз бала небәрі алты айлығында мерзімінен бұрын дүниеге келген. Отбасы шипа іздеп Қытай елінде бес жыл бойы ем қабылдағанын және талай ауыр оталарды бастан өткергенін жеткізді.

"Кәусарымның 11 жасы құтты болсын! Анасының жүрегінен шыққан өлеңі. Құттықлаурыңызды қабылдаймыз!

Тұңғышым -Жанымның сен шамшырағы
Туылдың алты айыңда асық бәрі
Өмірге келе сала ауыр дертпен
Отбасың күресуде міне әлі

Ботам ау, жанымның сен шамшырағы
Қытайдың елінде өтті 5- жыл тағы
Дертіңнен айықтырам деп әкешің
Дамылдамай келеді жаным әлі

Құлыным 11 жылың күресумен
Қанша ота қанша, көзден жас төгілген
Тағдырға кейде жылап қынжыласың
сұрағың қашан жүріп? қашан сөйлейм?

Ботам ау ата-әженің тұңғыш тәттісің сен
Қайдан емі қонар деп әуреленген
Жанарыңнан көретін тауқыметті
Бізге бере салшы деп дұға еткен

Қасиетің бар сенде Алла берген
Ғайыптың сырларынан ілім келген
Сүйіншілеп келесің отбасыңды
Сенімен әрбір күнім бақыт білем

Құтты болсын, Кәусарым 11 жасың
Құттықтаймыз халқыңмен дұға тілеп
Денің сау, армандарың орындалып
Сүйінші сұрайықшы:
Төрештің Кәусар қызы жүріпті деп", — деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Бұл жазба желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Айта кетейік, жақында ғана Төреғали Төрәлі мен оның жұбайы жетінші сәбиін өмірге әкелген болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий