Төреғали Төрәлінің болашағына қатысты тың ақпарат шықты

18.12.2025 22:21 Берік Арманов Берік Арманов
Төреғали Төрәлінің болашағына қатысты тың ақпарат шықты
0
122
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төреәлі айтысқа қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл жайында продюсер Жан Мұқанов әлеуметтік желіде жазды.

"Төреғали үшін айтыс — жай ғана өнер емес, өткенді еске алу да емес. Айтыс — қазақ фольклорының өзегі, халықтың ойлау жүйесін қалыптастырған ұлы өнер. Кеше біз «Хабар» арнасындағы ауқымды «Жекпе-жек» жобасының финалында болдық.
Сол кеште Төреғали айтыстың рухын, болмысын терең жеткізетін, бүгінде айтыстың әнұранына айналған туындыны орындады — бұл форма емес, мазмұнның салтанаты еді. Ол өзінің рухани, шығармашылық әкесі — Жүрсін Ерманмен қайта қауышты. Ұзақ уақыт көріспеген өнердегі әріптестерімен жүздесті. Сол сәтте артық сөздің қажеті болмады — оның көзіндегі отты көрдім. Адамды қалыптастырған, болмысына айналған дүниемен қайта табысқанда ғана дәл осылай жанары жанады. Айтыс оған сөзге жауапкершілікті, ойдың тәртібін, халық алдындағы аманатты үйретті. Бұл — артта қалған кезең емес. Бұл — жоғалтсаң, өзіңді де жоғалтатын іргетас. Сол кеште менің ойыма бір қарапайым, бірақ маңызды ой келді: айтыс Төреғалидің өмірінде қайта өз орнын алуы керек. Бұл өткенге шегіну емес — алға жасалған саналы, кемел қадам. Өйткені түбін ұмытпаған өнерпаз ғана шын мәнінде күшейеді. Сіз қалай ойлайсыз, Төреғалидің өміріне айтысты қайта әкелетін уақыт келді ме?", – деді әншінің продюсері Жан Мұқанов.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий