Төртінші қабаттан құлаған ер адам көршісінің үстіне түсіп, өлтіріп қойды

Италияның Милан қаласында 70 жастағы зейнеткер төртінші қабаттағы балконнан құлап, дәл сол сәтте үйіне қайтып келе жатқан 83 жастағы әйелдің үстіне түскен. Бұл туралы Corriere della Sera басылымы хабарлайды.
Қайғылы оқиға кезінде зейнеткер Франческа Манно қатты жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Дәрігерлер алған жарақаттардың өмірмен сыйыспайтынын растады.
Ал балконнан құлаған ер адам аман қалған. Ол көптеген сүйек сыну жарақаттарымен ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бастапқыда тергеу органдары екі адамның бір мезетте құлауы мүмкін деген болжам жасаған. Алайда кейін олар бір-бірін мүлде танымайтыны анықталды.
Қазіргі уақытта аман қалған ер адамға абайсызда адам өліміне себеп болды деген айып тағылып отыр. Оқиғаға байланысты тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар





