Трамп бейсенбіде Украинамен пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймақшы

Трамп бейсенбіде Украинамен пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймақшы
18.04.2025 14:26
0
408
фото: УНИАН
АҚШ пен Украина стратегиялық минералдар туралы келісімге қол қояды

АҚШ Президенті Дональд Трамп алдағы бейсенбіде АҚШ пен Украина маңызды пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

— Бізде пайдалы қазбалар бойынша келісім бар, менің ойымша, бейсенбіде оған қол қойылады. Мен олардың келісім талаптарын орындайтынына сенемін, — деді Трамп Ақ үйде Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездесу барысында.

Бұл келісім — Трамп пен Зеленский арасындағы алдыңғы келіспеушіліктен кейін тоқтап қалған келіссөздердің қайта жандануын білдіреді. Жаңа құжат соғыстан кейін Украинада пайдалы қазбаларды игеру мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жоспарларды реттеуге бағытталған.

Вашингтонда өткен келіссөздер раундынан кейін Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Украинаға соғыс басталғалы көрсеткен көмегі жөніндегі есепті қайта қарап, бұрын жарияланған 300 миллиард доллар емес, нақты көмек көлемін 100 миллиард долларға дейін төмендетті. Бұл сома Украина үкіметінің мәліметтеріне — шамамен 90 миллиард долларға — жақындайды.

Соңғы апталарда Трамп Зеленскийді қақтығысты бастауға кінәлі деп айыптаған еді, алайда бұл жолы ол сөзінен сәл шегініп, келесідей мәлімдеме жасады:

— Мен Зеленскийді жауапты деп есептемеймін, бірақ соғыстың басталғанына қуанбаймын. Мен ол (Зеленский) бұл жағдайды ең жақсы жолмен басқарды деп ойламаймын. Мен оның жанкүйері емеспін, — деді АҚШ президенті.

Соған қарамастан, Трамптың басты назары Ресей президенті Владимир Путинді атысты тоқтатуға көндіруге бағытталғанын айтты.

— Мен оны тоқтатуға тырысып жатырмын, өйткені, сіз білесіз, Ресей әлдеқайда үлкен мемлекет, — деді ол.

АҚШ пен Украина арасындағы пайдалы қазбалар жөніндегі келісім — Трамп әкімшілігінің Киевпен қарым-қатынасын қайта қалпына келтіруге және соғыстан кейінгі бейбіт шешім жолындағы араағайындық рөлін күшейтуге бағытталған нақты қадам ретінде бағалануда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий