Трамп Кубаға қатысты даулы мәлімдеме жасады

17.03.2026 14:01 Мөлдір Талғат
Трамп Кубаға қатысты даулы мәлімдеме жасады
228
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен іс-шара барысында Кубаға қатысты резонанс тудырған мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

CNBC мәліметінше, ол журналистер алдында сөйлеген сөзінде Кубаны бақылауға алуды өзі үшін «үлкен мәртебе» деп санайтынын айтқан.

«Мен Кубаны өз бақылауыма алу мүмкіндігі маған бұйырады деп ойлаймын. Бұл үлкен мәртебе болар еді. Мен оны азат ете аламын немесе өзіме бағындыра аламын – қалай болса да әрекет етуге мүмкіндігім бар деп есептеймін», – деді Дональд Трамп.

Сонымен қатар ол Кубадағы жағдайды күрделі деп бағалап, елде энергия мен қаржы тапшылығы бар екенін атап өтті. Оның сөзінше, Куба мәселесі АҚШ үшін «уақыттың еншісіндегі мәселе» және қазіргі билік көп ұзамай өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін, 7 наурызда Трамп Иранға қатысты операция аяқталған соң Кубада да үлкен өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Ал The Atlantic басылымы АҚШ президентінің келесі геосаяси нысаналарының бірі Куба болуы ықтимал екенін жазды.

Өз кезегінде Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ тарапынан айтылған мұндай мәлімдемелерге жауап беріп, елдің өзін қорғауға дайын екенін жеткізді.

«Бізді қорқытуға тырыспаңдар. Мұндай мәлімдемелер бұрын да айтылған. Куба өз егемендігін қорғауға әрқашан дайын», – деді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий