Трамп мигранттарға елден шығу үшін бонустар ұсынады

Трамп мигранттарға елден шығу үшін бонустар ұсынады
17.04.2025 08:53
0
227
Jim Watson/AFP via Getty
АҚШ үкіметі өз еркімен кететін мигранттарды қаржыландырады

АҚШ Президенті Дональд Трамп Fox Noticias телеарнасына берген сұхбатында заңсыз мигранттарға арналған жаңа бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бағдарлама «өз еркімен елден кету» (самодепортация) бастамасы ретінде іске асырылады. Оған сәйкес, АҚШ-та заңсыз жүрген шетелдіктерге ақша мен ұшақ билеттері ұсынылады. Мұның бәрі олардың ерікті түрде елден шығуына бағытталған.

Трамптың айтуынша, бағдарламаға келісіп кеткен «жақсы адамдарға» болашақта АҚШ-қа заңды түрде қайта оралу мүмкіндігі берілуі мүмкін – егер олар ел экономикасына қажет болса.

– Біз бәрін депортацияламаймыз. Кейбір адамдарды қайта шақыруға болады – егер олар ауыл шаруашылығы немесе қонақ үй бизнесі сияқты салаларда жұмыс істей алса, – деді Трамп.

Ол қылмыскерлерді, «өлтірушілер мен зорлықшыларды» елден шығаруға басымдық берілетінін ерекше атап өтті. Ал қалған адамдар үшін «ыңғайлы жағдайда елден өз еркімен кету» мүмкіндігі ұсынылмақ.

Сонымен қатар, АҚШ билігі халықаралық деңгейде ақпараттық науқан жүргізіп, заңсыз тұрудың қылмыстық жауапкершілігі туралы ескерту жасайды.

Бағдарламаға қатысу шарттары әзірге жарияланған жоқ. Сондай-ақ Трамп ұсынған «экономикаға қажет адамдарды қайтару» идеясының қалай жүзеге асырылатыны, оларды кім анықтайтыны да әзірге белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий