Трампты тағы бір мерген нысанаға алды
2346
Жексенбіде Флорида штатындағы Дональд Трамптың гольф клубының маңында атыс болды. АҚШ президенттігіне үміткердің сол сәтте сол жерде болғанын оның сайлауалды штабы мәлімдеді, деп хабарлады Euronews.
Мен қауіпсізбін және дін аманмын. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ештеңе мені тоқтата алмайды. Мен ешқашан берілмеймін! - делінген Трамптың жақтастарына арналған жазбаша үндеуінде.FBI тергеу жұмыстарын бастады. Ведомствоның баспасөз конференциясында Трамптың өкілдері бұл оқиғаны «қастандық жасау әрекеті» деп бағалады. AP ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Құпия қызметінің агенттері Уэст-Палм-Бичтегі Trump International гольф клубының жанында қаруы бар адамды көріп, оқ атқан. Ол жол талғамайтын көлікпен қашпақ болған, бірақ жол патрульдерінің бір бөлігі оны ұстап үлгерді. Палм-Бич округінің шерифі Рик Брэдшоу баспасөз конференциясында Құпия қызмет агенті Дональд Трамп гольф алаңында болған кезде қаруын қоршаудың арғы жағынан бағыттап тұрған ер адамды байқағанын айтты. Оның айтуынша, күдікті АҚШ-тың бұрынғы президентінен шамамен 400 метр қашықтықта болған. Оқиға орнынан оптикалық көздеуіші бар АК-47 автоматы, GoPro камерасы және екі рюкзак табылды. Брэдшоудың айтуынша, күдікті көліктен шығарылған кезде қаруы болмаған. Ұсталған сәтте ер адам қашуға ниеттенбеген және шу шығармаған. Фото: ntv.com.tr
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
00:29
Құрылтай сайлауы-2026: Еxit poll нәтижелері жар...
23.08.2026
17:24
Алматыда бюллетеньді суретке түсіріп, желіге са...
23.08.2026
16:37
Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауында д...
23.08.2026
16:16
Құрылтай сайлауында сағат 16:00-де 8,24 млн ада...
23.08.2026
15:41
«Санкт-Петербург» деп жартасты бояған ресейлік ...
23.08.2026
15:41
«Назарбаевский системаны қолдаймын»: Данияр Еле...