Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті ауруханаға түсті

08.10.2026 • 14:07 Қанат АЙБАР
Өскеменде полицейді өлтірді деген күдікті ауруханаға түсті
147
Фото: magnific.com

Өскеменде полиция қызметкерінің өліміне күдікті ер адам ауруханаға жатқызылды. Ол Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Науқас нейрохирургия бөлімінде қажетті ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр, қанағаттанарлыққа жақын деп бағаланып отыр. Жақын арада ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр», деп хабарлады басқармадан тілшімізге.

Politico.kz полиция департаментіне де сауал жолдады. Әзірге жауап келген жоқ.

Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Өскемендегі дәмханалардың бірінде қайғылы оқиға болған. Жұмыстан тыс уақытта жүрген 40 жастағы полиция қызметкері келушілердің біріне орынсыз әрекеті үшін ескерту жасаған.

Осыдан кейін полицейге дене жарақаты салынған. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий