«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коуч Гүлзира Айдарбекованың сынынан кейін алғаш рет жауап берді
120
Танымал блогер әрі коуч Роза Әшірбаева әйелдерге не себепті ажырасуға кеңес беретінін түсіндіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол отбасылық кикілжіңдер мен ажырасудың шынайы себептеріне тоқталып, өзі куә болған оқиғаларды алға тартты.
«Бұл мен танитын хикаялардың төртеуі ғана. Жалғастыра берсең көп. Қайсыбірін айтайын? Әлі күнге дейін ажырасудың не себепті көп екенін түсінбейтіндерге таңғаламын. Ресми статистикаға қарасақ: ұрып-соғу, алкоголь, құмар ойын, есірткі, көзге шөп салу және туыстардың ортаға түсуі. Ал сіздің таныстарыңыз не үшін ажырасты?» деп жазды коуч.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Гүлзира Айдарбекова Роза Әшірбаеваның әрекетін сынап, психологтың отбасылық мәселелер туындаған кезде әйелдерді бірден ажырасуға итермелейтініне наразылық білдірген еді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
13:06
Ресейде қалған 14 жігіт Қазақстан елшілігіне же...
08.10.2026
12:50
Ақтөбе облысында ер адам изолятордан қашып кеткен
08.10.2026
12:32
«Айта берсең көп, қайсыбірін айтайын». Роза коу...
08.10.2026
12:24
Қазақстанда бір қорап дәрі 463 мың теңге: Аймағ...
08.10.2026
12:23
«Үш күн күткен»: Дәрігерлер Маңғыстауда балықта...
08.10.2026
11:54
Қордайда белгісіз әйел үш жылдан бері ауруханад...