«Түк мән-мағынасы жоқ»: күміс тойына ақ көйлек пен фата киіп шыққан Роза Әлқожаны жұрт сынап тастады
Қазақстандық танымал композитор әрі әнші Роза Әлқожа күйеуімен отасқанына 25 жыл толуына орай үлкен той өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші мерекелік сәттерден үзінділерді Instagram парақшасына жариялаған. Бейнежазбаларда оның ақ көйлек пен фата киіп, жас жұбайлардай қонақтардың алдына шыққаны көрінеді.
Тіпті жолдасымен бірге торттан дәм татқан сәті де бар.
Алайда желі қолданушылары бұл әрекетін бірдей қабылдамады. Көпшілігі мұны артық шығын, ерсі қылық деп бағалады.
«Менің ойымша, қажеті жоқ нәрсе, құр ысырап», «Қай ата-бабаң осылай той жасап еді, Роза-ау?», «Неге қайтадан фата киіп жүр, әлде кезінде кимеген бе?», «Түк мән-мағынасы жоқ, мұны той деп айтуға да ұят», – деген пікірлер қалдырылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
11:08
Экс-министрдің күйеу баласы яхтасын 2,4 миллиар...
21.10.2026
10:33
«Әйелдің қырық жаны бар»: ажырасқан Жанель Мақа...
21.10.2026
10:30
Қызметтік пәтерде тұратын Құрылтай депутаты ком...
21.10.2026
10:08
Қазақстанда 312 мыңнан астам жас оқымайды да, ж...
21.10.2026
09:33
FlyArystan ұшағы Павлодарға жетпей, Алматыға ке...
21.10.2026
09:22
Әйеліне күш қолданғаны расталмады: прокурор тек...