Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

04.11.2025 14:50 Арман Ермеков
Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы жасөспірім қаза тапты
0
598
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Көктерек ауылында қарулы қақтығыс орын алып, салдарынан 17 жасар жасөспірімнің өмірі қиылды, тағы үш адам жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қайғылы жағдай Түлкібас ауданында 2 қарашаға қараған түні болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал атыс қаруын қолданумен аяқталған.

Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

«Жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Олардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді Түркістан облысының ПД өкілдері.

Зардап шеккен азаматтар дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілуде.

Аталған дерекке қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп, екінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Тергеу барысы Түркістан облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында тұр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий