Түркістанда 8 жастағы бала бесінші күн қатарынан табылмай жатыр

28.03.2026 12:20 Қарақат АСЫЛОВА
Түркістанда 8 жастағы бала бесінші күн қатарынан табылмай жатыр
515
Арыққа құлаған 8 жастағы баланы бес күннен бері таба алар емес

Түркістан облысында 8 жастағы Жаннұр Тұрсынбек бірнеше күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.  

Ол 23 наурыз күні Абай ауылында жоғалып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Екінші сынып оқушысы достарымен бірге ойнап жүрген кезде аяқ киімін арыққа түсіріп алып, оны алмақ болып жүгірген. Сол сәтте тайып кетіп, суға құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Күшті ағыс баланы ары қарай өзенге алып кеткен. Оқиғаны жанында болған балалар көрген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Олар арықтың қоршалмағанын және қауіпсіздік шараларының сақталмағанын айтып отыр.

«Бұл жерде үнемі балалар ойнайды. Ешқандай қоршау да, ескерту белгілері де жоқ. Егер қоршау болғанда, бәлкім, інім аман қалар ма еді», – дейді баланың әпкесі Әсел Бердібай.

Сонымен қатар, туыстары құтқарушылардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Олардың сөзінше, іздеу жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмей жатыр.

Ал Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті іздестіру жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, іздеуге 120 адам, 15 техника, 2 қайық және 2 дрон жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта баланың ата-анасы мен жақындары оқиға болған жерден кетпей, тәулік бойы іздеу жұмыстарын күтіп жүр. Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий