Түркістанда ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірді деген күдікке ілінді

27.08.2026 11:44 Әсел МҰРАТ
Түркістанда ер адам өгей ұлы мен келінін өлтірді деген күдікке ілінді
223
Фото: ашық дереккөз

Түркістанда өгей әкесі ұлы мен келінін өлтірді. Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың анасының жерлеу рәсіміне қатысу үшін Қызылордадан қалаға келуінен кейін болған. Бұл туралы журналист Айка Айтаханова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналистің жазуынша, жерлеу рәсімінен кейін үйде әкесі мен ұлының арасында жанжал шыққан. Кикілжің кезінде ер адам ұлы мен келініне пышақ жарақатын салғаны айтылады. Екеуі де алған жарақаттарынан көз жұмған.

Оқиғадан кейін ер адам полицияға өзі хабарласып, болған жағдайды айтқан.

Көршілердің сөзінше, марқұмдардың бірінің денесі үйдің ішінен, екіншісінікі ауладан табылған.

Тұрғындар күдіктіні бұған дейін жуас әрі жақсы адам ретінде танығандарын айтып, оның мұндай әрекетке барғанына таңғалып отырғандарын жеткізген.

Қазір полиция жанжалдың нақты неден басталғанын, қылмыстың қалай болғанын және оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

Осы оқиға бойынша тілшіміз Түркістан облысының полиция депаратментіне сауал жолдады. Әзірге ресми ақпарат берілген жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий