Түркістанда психикалық және наркологиялық есепте тұрғандарға жүргізуші куәлігі берілген
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында прокуратура тексерісі барысында психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған 89 азаматтың жүргізуші куәлігін заңсыз алғаны анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Прокуратура мәліметінше, аталған азаматтар медициналық қарсы көрсетілімдеріне қарамастан көлік құралын басқарған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, психикалық сырқаты немесе есірткіге тәуелділігі бар адамдарға жүргізуші куәлігін алуға және көлік басқаруға тыйым салынады.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін сот барлық 89 азаматтың жүргізуші куәлігінің күшін жойды.
Сонымен қатар жүргізуші куәліктерінің заңсыз берілуіне жол берген жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура мұндай шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...