"Тұрсынбек алып қоймапты": Мөлдір Мұқан зәулім үйін көрсетті

13.02.2026 13:51 Мөлдір Талғат
165
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа баспанасын таныстырып, рум-тур форматындағы видео жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары бүгінде шамамен 300 шаршы метрді құрайтын кең әрі жарық үйде тұрып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, баспананың бастапқы жобасына өздері өзгеріс енгізген.

«Үйдің жоспарын өз қалауымызға сай қайта жасадық. Бөлмелердің кең әрі жарық болғанын қаладық. Сол үшін кейбір қабырғалардың орнын өзгерттік. Қонақ күтуге арналған залды барынша кең еттік», – деді Мөлдір.

Көпшілік «Тұрсынбек тұтас бір байлық қалдырған, бағалау керек, мүлікті бөлмей, ұсақталмаған», «Тұрсынбек бүкіл жағдайын жасап беріпті, несіне жамандайды?», «Молодец, Тұрсынбек ештеңесін өзімен алып кетпепті», «Рахмет Тұрсынбекке, бар жағдайын жасап беріп кеткен, тағы қатын алса жарасады оған, тек ауырмасыншы, жас қой, сауығып кетсін», «Неменеге зарлайды, далада қалмапты», «Тұрсынбекті Тұрсынбек қылған – Мөлдір, ұмытпайық», «Кімнің арқасында алынған үй екен?», «Тұрсынбектің ойнасы емес қой, заңды жары, осы үйден бес бала дүниеге келді, сондықтан Тұрсынбек біреудің күйеуі болып, Мөлдір тартып алған жоқ», деп жазып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий